«Биіктерді бағындырған»

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш Тоқтар Әубәкіров 75 жасқа толды. Тоқтар Әубәкіров 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа ұшты. Бұл Қазақстанның ғарышқа тұңғыш сапары. Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар, қыран қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа самғағанына да 30 жыл толды. Ендеше Тоқтар ағамыз үшін биыл екі мерейтой қатарынан келіп отыр.
Т.Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. Бүгін біз ғарышкердің жерлесі, М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының академигі Зарқын Тайшыбайдың бейнежазбасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #БиіктердіБағындырған