БЕЛОГЛАЗОВ Леонид Яковлевич (1929, СҚО қазіргі Есіл ауд. Николаев с.) — Соц. Еңбек Ері (1976). Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл ш. қызметкері (1974). 1944 жылдан “Красное знамя” ұжымшарында (қазіргі Есіл ауд-ндағы “Николаевский” АҚ) еңбек жолын бастаған. Механизаторлар курсын тамамдаған соң тракторшы болып жұмыс істеді. 1951 жылдан “Николаевский” кеңшарында егіс бригадасының бриғадирі. Үш мәрте Ленин. Қазан революциясы ордендерімен және бірнеше медалдермен марапатталған.
М. Киочеров