Белетченко Иван Савельевич

БЕЛЕТЧЕНКО Иван Савельевич (28.01.1924. Солт. Қазақстан обл. Марьев а.) — тарих ғыл. канд. (1972), доцент (1974). КСРО Оқу-ағарту ісінің. Қазақ КСР Халыққа білім беру ісінің үздігі. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Мәскеу Жоғары партия мектебін бітірген. 1958 ж. Октябрь ауд. партия к-тінің хатшысы болып, 1959 ж. Петропавл пед. ин-тына оқытушылық қызметке ауысады. “Құрмет Белгісі” орденімен және КСРО медалдерімен марапатталған. Мемлекеттің азық-түлік саясатынын мәселелері туралы 20-ға тарта мақала жариялаған.

Шығ.: Ауыл шаруашылығынын материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайту жолдары және ауылдардағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы.

С. Пресняков