Бектұрғанов Хасан Шаяхметұлы

БЕКТҰРҒАНОВ Хасан Шаяхметұлы (1922. СҚО Мамлют ауд. Мамлют қ. — 1987, Тараз қ.) — партия және қоғам қайраткері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1941 ж. Фрунзе (Бішкек) жаяу әскер уч-щесін. Алматыдағы КОКП ОК-і жанындағы Жоғары партия мектебін (1958) бітірген. 1941 ж. Қызыл армия қатарына шақырылып, 38-атқыштар дивизиясының құрамында взвод командирі болып, Калинин және Солт.-батыс майдандардағы шайқастарға қатысқан. 1942 ж. сәуір айында 8-гвардиялық Панфилов дивизиясында полк комсоргы, 1943 жылдың сәуір айынан 19-гвардиялық атқыштар дивизиясында полк комсоргы болып соғысты аяқтайды. Петропавл қ-на оралған соң Солт. Қазақстан обл. партия к-тінің нұсқаушысы, Совет (қазіргі Аққайың) ауд. партия к-тінің хатшысы, 1958—66 ж. Көкшетау, кейін Ақтөбе обл. партия к-ттерінің 2-хатшысы орынбасары, атқару к-тінің төрағасы, 1966—72 ж. Қызылорда, Жамбыл обл. партия к- ттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Бірнеше ордендермен және медалдермен марапаттатған.