Әбдірахманов Айтым

ӘБДІРАХМАНОВ Айтым (20.12.1928. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Уәлиханов ауд. Жаркен а. – 20.3.1994. Алма-ы қ.) — тілші-ғлым, филология ғыл. докт. (1991). Абай атынд. ҚазПИ-ды (1951), бітірген. 1954-58 ж. ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атынд. Тіл білімі интының кіші ғыл. Қызметкері, 1958—70 ж. аға ғыл. қызметкері, ономастика бөлімінің меңгерушісі (1970-80), 1981-94 ж. жетекші ғыл. қызметкер болған. 100-ден аса ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авто-ры. Еңбектері негізінен топонимика және терминология мәселелеріне арналған. Шығ.: Қазақстанның жер-су аттары. А., 1959; Топонимка және этимология. А., 1975; Қазақстан этнотопонимикасы. А., 1979: Орталық Қазақстан топонимикасы. А., 1989 (тең автор); Историко-Этимологическое исследование топонимов Қазахстана. АДД., 1991; Топонимический словарь. А., 1960, 1963, 1981, 1990, Терминологический словарь. А., 1993. Әдеб.: Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1988.

О. Сұлтанияев