«Бауыржан Момышұлы: өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы»

24 желтоқсан күні М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ысқақова Лина Құдабайқызы облыстық кітапхананың тікелей эфирінде қаһарман жазушы Б.Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Бауыржан Момышұлы: өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы» тақырыбына онлайн-дәріс өткізді. Лина Құдабайқызы Б.Момышұлы шығармашылығы бойынша «Бауыржан Момышұлы шығармашылығының шеберханасы» тақырыбына диссетациялық жұмыс қорғаған. Дәріс оқу барысында жазушының өмірі, қызметі, майдандағы ерлігі және шығармашылығы туралы кеңінен баяндады.