Батыров Яков Иванович

БАТЫРЕВ Яков Иванович (21.3.1910. Жамбыл ауд. Новомихайлов с. — 1986. Жамбыл ауд. Пресновка с.) — еңбек және соғыс ардагері. 3 дәрежелі Даңқ орденінің толық иегері. 1927—33 ж. Новомихайлов с-дағы “Зорька” коммунасында, Буденный атынд. ұжымшарда, 1933-39 ж. Преснов МТС-нда жұмыс істеді. 1941 жылдан 314-атқыштар дивизиясының құрамында Ленинград қоршауын бұзуға қатысты. 1944 ж. мамырда 46-атқыштар дивизиясының жекелеген 40-мина тазалаушылар батальоны командирінің орынбасары болды. 1945 ж. қазанда туған ауылы Пресновқа келіп, тракторшы, комбайншы және бригадир болып еңбек еткен.

Т. Колесникова