БАРОНИНА Раиса Степановна (12.10.1922, СҚО қазіргі Қызылжар ауд. Боголюбов с.) — Соц. Еңбек Ері (1971). Алматы мемл. мед. ин-тын (қазіргі С.Асфендияров атынд. Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген (1946). 1948—57 ж. Ақмола обл. Балқаш ауд. ауруханасында дәрігер; 1957—73 ж. сол ауруханада акушер-гинеколог және гинекология бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 3— 6- шақырылған Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінін депутаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдермен марапатталған.
С. Пресняков