«Балаларға – базарлық» кітап көрмесінің тұсаукесері

Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан жазушылар одағының бастамасымен 2021 жыл Балалар әдебиеті жылы болып жарияланды. Жылдың мақсаты – кітап оқу арқылы өскелең ұрпақтың мәдениетін арттыру. Жыл аясында кітапханада «Балаларға – базарлық» — «Книги – детям» атты кітап көрмесі жасалып, бүгін көрменің тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесердің өткізілуіне «Мир аттракционов» ЖШС демеушілік жасады.

Көрмеге әр түрлі жастағы балаларға арналған түрлі жанрдағы кітаптар жинақталған. Көрменің бір бөлігін балалар фольклоры құрайды.

Солтүстікқазақстандық жазушылардың балаларға арналған кітаптарымен де танысуға болады. Көрменің ортаңғы бөлігі түрлі тақырып бойынша балалар энциклопедияларына арналған. Әлем халықтарының ертегілері, әлемдік балалар жазушыларының шығармалары да топтастырылған. Бүгінде балалар арасында кең танымал қиял-ғажайып – фэнтези жанрында жазылған шығармалар да баршылық.

«Библиотека мировой литературы для детей», «Волшебные створки», «Внеклассное чтение» серияларынан шыққан кітаптармен де таныса аласыздар.

Тұсаукесерден кейін балаларға «Мир аттракционов» ЖШС-нен тегін билеттер таратылды.


#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #БалаларғаБазарлық