Балахметов Қожахмет

БАЛАХМЕТОВ Қожахмет (26.6.1926. СҚО қазіргі Айыртау ауд. Сұлукөл а.) — қоғам қайраткері. ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген (1948). 1948-52 ж. Сырымбет орта мектебінін мұғалімі. 1952—53 және 1957— 60 ж. Көкшетау обл. халыққа білім беру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1968—80 ж. меңгерушісі, 1953—57 ж. Еңбекшілдер ауд. Макин және Степняк орта мектептерінің директоры. 1960—68 ж. жауапты партия жұмысында; 1970— 74 ж. Қазақстан Компартиясы Орт. к-тінің ғылым және оқу мекемелері бөлімінің меңгерушісі; 1974-87 ж. Қазақ КСР Білім министрі. 13 жьы Қазақ-кәріс достығы қоғамының төрағасы қызметтерін атқарған. Білім беру мәселелеріне арналған 70-тен аса еңбектері жарық көрген. ТМД Балалар қоры халықар. ассоциациясының вице-президенті болып сайланған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медалдермен марапатталған.

Қ.Мұқанов