Баймақанова София Шәкірқызы

БАЙМАҚАНОВА София Шәкірқызы (22.12.1929, СҚО қазіргі Шал ақын ауд. Кеңес а.) — ғалым, мед. ғьп. докт. (1973), проф. (1982). Алматы мед. ин-тын (қазіргі С. Асфендияров атынд. Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген (1953). 1957-61 ж. Семей мед. ин-тында (қазіргі Семей мемл. мед. академиясы) оқытушы; 1961—83 ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау мин-гінің Онкология және радиология ғыл.-зерт. интында аға ғыл. қызметкер. бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1983 жылдан Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру ин-тында ЛОР-аурулары кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты мойын мен бас. тыныс жолдары мен ас қорыту мүшелерінде кездесетін қатерлі ісіктердің эпидемиологиясы және алдын алу жолдарын іздестіруге, емдеу әдістерін жетілдіруге арналған. 170-тен астам ғыл. Еңбектің, оның ішінде 3 монография мен 12 әдістемелік ұүрал және 17 рационализаторлық ұсыныстардың авторы. Шығ.: Злокачественные опухоли и фоновые процессы верхних дыхательных путей в Казахстане. А.-А., 1983; Гидрохирургическая анатомия обшей сонной артерии, А.-А., 1988: Ушная рефлексотерапия, А., 1996.