Баймұратов О. Өмірімнің сынақтары мен сабақтары

Автор: Баймұратов Ораз
Описание: Баймұратов, О. Өмірімнің сынақтары мен сабақтары [Мәтің] / О. Баймұратов. - Алматы : [Қазақ университеті], 2020. - 270 б. : фотосурет, 12 б. фотосурет. - Автордың қолтаңбасымен. - 100 дана. - ISBN 978-601-04-4701-1.
Аннотация:

Ораз Баймұратовтың қолдарыңызға тиіп отарған кезекті еңбегі қайраткердің өмір белестерінен сыр шертетін әсерлі естеліктерін қамтыған. Академик өзінің ата-тегінен бастап, атаөана, бауыр-туыс, туған жер, отбасы, балалық шақ, қанаттасдостары мен әріптестері туралы ойларын көркем де кестелі түрде қағаз бетіне түсірген. Сондай-ақ ғылымдағы белесі, Қазақ Республикасы Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат, Совет Одағы Жоғарғы Кеңесіне депутат болған жылдарындағы сырлы сәттері де өте жатық, келісті тілмен баяндалады. Еліміздің дербестігі, әлеуметтік экономика және ұлттық валютасының триадасын алғаш ұсынған болатын.

Кейінгіге өнеге болатын танымдық дүниелер, ұрпақ тәрбиесіне қатысты пайымды пікірлерді де осы жинақтың ішінен кездестіресіз. Жаһандану процесі жаппай өріс алғанзаманда адамзат баласын мейірім мен адамгершілік, Жаратушыны тереңнен тану ілімі ғана құтқаратынын автор айшықтап көрсеткен. Рухани мәні өзгеше кітап сөз суатынан нәр алған қалың оқырманға арналады.

Даритель: Автордан