БАЙГЕНЖИН Абай Қабатайұлы (27.2.1947 , Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Ботай а.) — мед. ғыл. докт. ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері. 1970 ж. Алматы мед. ин-тын бітірген. 1983—88 ж. «Алатау» санаторийінің аға дәрігері, 1988— 93 ж. Алматы аймақтық диагностикалық орталығының директоры. 1993—97 ж. мемл. аэрокосмостық компаниясының вице-президенті, 1997— 98 ж. Мемл. мед. сақтандыру қоры директорының орынбасары болған. 2000 жылдан бастап «Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың» директоры. «Халықаралық денсаулық сақтау ісінің шебері» атағы бар.