БАЙБОЛОВ Қазыбек Дәулетбекұлы (7.9.1933, Петропавл қ. – 25.3.1994, Алматы қ.) -хоккейші, допты хоккейден спорт шебері (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. “СКИФ”, “Буревестник”, “Динамо” командаларының құрамында ойнаған. Спорггың осы түрінен КСРО чемпионаттарының 4 мәрте қола, 5 мәрте күміс жүлдегері және чемпионы (1977) атанды. Қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы футбол-хоккей кафедрасының доценті, меңгерушісі (1972-94), 1978 жылдан “Динамо” командасының аға жаттықтырушысы болды. Шайбалы хоккейден бірқатар спорт шеберлерін (В. Бычков, В. Панев, Ю. Варзин. М. Жексенбеков, А. Сәрсекеев, Л. Лобачев. Г. Любченко, С. Шаймерденов, Е. Агуреев, т.б.) даярлап шығарды.
К. Омаров