Қазыбеков Есілбай Қазыбекұлы

ҚАЗЫБЕКОВ Есілбай Қазыбекұлы (1918, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Тауағаш а. — 1992, сонда) — журналист, ақын. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Еңбек жолын ауыл мектебінде мұғалім болып бастаған. 1940 ж. ауыл ш. техникумын. Алматы Жоғары партия мектебін (1952) бітірген. 1940 ж. армия қатарына алынып. Қиыр Шығысқа жіберледі. Соғыстың алғашқы күнінен-ақ майданда болып, қатардағы жауынгерден капитан шеніндегі барлаушы ротаның командиріне дейін көтеріледі. 1945 ж. соғыс бітуіне 3 ай қалғанда ауыр жаратанып, 2-топтағы мүгедек болып, әскери қызметінен босатылады. 1945—48 ж. обл. «Ленин туы», газетінің меншікті тілшісі, 1952—53 ж. Жамбыл атынд. мұражайдың директоры. 1953— 59 ж. респ. “Социалистік Қазақстан” газетінің Солт. Қазақстан обл. бойынша меншікті тілшісі, 1959—63 ж. обл. “Ленин туы” газетінде бөлім меңгерушісі, 1963 жылдан бастап “Совхозқұрылыс” тресінің қадрлар бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. Оның өлеңдері баспа беттерінде жарияланып тұрды. 1983 ж. “Қазақстан” баспасынан “Барлаушы жазбалары” атты естеліктер кітабы жарық көрді. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Александр Невский ордендерімен және медалдермен марапатталған.

Қ.Мұқанов