ҚАЖРАХИМОВ Жомарт Оралұлы (15.11.1958, Солт. Қазақстан обл. Сергеев ауд. Қаратал а.) — қаржыгер 1982—89 ж. Мемлбанктің Тимирязев ауд. бөлімшесінде экономист. Ақсуат ст-ндағы Мемлбанктің бөлімшесі бастығынын орынбасары. Агропромбанктің Тимирязев ауд. бөлімшесінің несие бөлімінің бастығы, 1992-98 ж. ҚР Ұлттық банкінің Солт. Қазақстан обл. басқармасының бастығы. 1998 жылдан “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ББ-ның Солт. Қазақстандағы филиалының директоры. “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерейтойлық медалімен, ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен (2001), Солт. Қазақстан обл. әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.