Қазақ халқының батырлық эпостары

Батырлар жыры, қаһармандық эпос – қазақ ауыз әдебиетінің көне жанры. Батырлық жырлар тарихи оқиғалар мен басты кейіпкердің бейнесі арқылы батырға тән ерлікті, бірлікті, елдікті, тұтастықты насихаттайтын көркем туынды. Ғалымдар Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығы жайлы көп еңбек жазды. ХХ ғасырда С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады. Бүгінгі тікелей эфирде оқырмандарымызға «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» батырлық жырлары жайында ақпарат ұсынамыз. Негізгі ақпарат – жырлардың зерттеу, ерекшеліктері, өнердегі орны туралы болмақ.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги #ҚазақХалқыныңБатырлықЭпостары