«Қазақ әдебиетінің інжу-маржаны» әдеби викторинасы

Бүгін кітапханада «Қазақ әдебиетінің інжу-маржаны» тақырыбына әдеби викторина өтті. Мақсаты — қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру және жастардың отандық авторлардың шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Іс-шараға 6637 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Викторина қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын, олардың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарды қамтыды. Қорытындысы бойынша сұрақтарға ең көп жауап берген екі сарбаз Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлыққа кітаптар табысталды.