АВЕРИН Михаил Михайлович (21.11.1911, Қызылжар ауд. Новопавлов с. — 7.3.2002, Петропавл қ.) — жазушы. КСРО кинематографиясының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1972). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. “На берегах Ишима”, “Сенькины интермедии”, “Памяти живущим”, “У нас в Рябиновке”, “Гость из Алжира”, “Солдат вернулся” пьесаларының авторы. “Пеньковские зори” (1993), “Простите нас журавушки” (1998), “Благодарение памяти” (1999) атты әңгімелер жинағы жарық көрген. “Шмель” журналының облыстағы меншікті тілшісі болды. Өмірінің 25 жылын облыстың кино саласына арнаған. “КСРО” кинематографиясының үздігі” атағы берілген. Бірнеше орден және медалдермен марапатталған.
П. Уақпаев