Қасымбеков Әзіхан

ҚАСЫМБЕКОВ Әзіхан (1906. Солтүстік Қазақстан облысы, Рузаев ауд.1984, Алматы қ.) 1928 ж. Қызылжардағы қазақ педагогика техникумын бітірген. Ұстаздық қызметін 1926— 27 ж. бастап, сауатсыздықты жою шараларына белсене араласқан. 1928—32 ж. Қызыләскер және Төңкеріс аудандарында оқу бөлімінің меңгерушісі, мұғалімдік қызметте болады. Алматыдағы Аймақтық кәсіби мектепте (1932—937). Аягөз, Матай, Жамбыл станцияларындағы Қазақ темір жол мектептерінде (1937—54) және Семей облысының Шар қаласындағы орта мектепте (1954—60) қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болған. 1954 ж. С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіреді. 1957 ж. қазақ тілі мен әдебиеті мұғаілімдерінің республикалық кеңесіне қатысады. 1957 ж. “Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері”. 1958 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталды. “Қазақ КСР мектептеріне еңбегі сіңген мұғалім” атағы берілді. 1960 ж. Қазақстан мұғалімдерінің III съезінің делегаты болып, “Еңбек Қызыл Ту” орденімен марапатталды. Өзінің саналы ғұмырын педагогикалық тәрбие жұмысына және қазақ тілі мен әдебиетін оқыту тәсілін жетілдіруге арнаған жолда бірнеше ғылыми еңбектер жазды: «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен творчествосын мектепте оқыту жолдары» (Алматы. 1969), «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір жолдары» (Алматы. 1989). “Қазақстан мектебі” редакциясының тұрақты тілшісі болды.