ҚАСКЕЕВ Қазиз (15.10.1917, Солт. Қазақстан обл. Совет (қазіргі Аққайың) ауд. Үшқызыл а.) — қызметкер. Омбы қ-ндағы мед. қызметкерлері ф-тін бітірген. 1935—39 ж. ұжымшарда есепші, 1942—46 ж. Совет ауд. комсомол к-тінің 1-хатшысы. ауд. партия к-тінің бөлім меңгерушісі, 1946—47 ж. обл. партия к-ті 1-хатшысының көмекшісі, Булаев ауд. партия к-тінің 2-хатшысы. 1952—73 ж. Конюхов. Булаев аудандарында ауд. партия к-тінің 2-хатшысы, ұжымшар төрағасы, ауд. атқару к-тінің төрағасы, 1973—82 ж. мемл. сауда және тұтыну кооперативі жұмысшыларының обл. кәсіподақ к-тінің төрағасы қызметтерін атқарған. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медалдермен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің және Целинный өлкелік кеңесінің депутаты болып сайланған. Рестбликалық дәрежедегі дербес зейнеткер.
Ғ.Қадірәлі