Асқаров Ерік Мұхамедхафизұлы

АСҚАРОВ Ерік Мұхамедхафизұлы (10.2.1959, қазіргі М.Жұмабаев ауд. Дүйсеке а. — 1.07.2003, Астана қ.) — ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1989). М. Әуезов атынд. Қазақ драма театрының актерлік студиясын (1978), Алматы театр және көркемсурет ин-тын (1983) бітірген. 1983-85 ж. Қазақстан телеарнасында режиссер, кейіннен редактор; 1985—86 ж. “Жазушы” баспасында редактор: 1988—91 ж. Қазақстан Жазушылар одағы әдеби қорының директоры болды. 1991 жылдан Көкшетау қ-нда тұрып, Қазақстан Жазушыдар одағының Солт. Қазақстан обл. бөлімінде хатшы болып қызмет атқарды. Респ. және хатықар. айтыстарға қатысып жүлделі орындар атған. А. “Қарлығаш”, “Жетіген”, “Аққудың көгілдірі” атты жыр жинақтарының. “Біржан сал”, “Петропавл — қызылдардың қаласы” пьесаларының авторы. Саха (якут) жазушысы И. Гоголеваның “Наара Суох” пен грузин жазушысы Л. Табукашвилидің “Арманымның ақ құсы” пьесаларын қазақ тіліне аударған. А.О. Бөкеевтің “Қар қызы” ( 1983) повесі және С. Сейфуллиннің “Көкшетау” (1985) поэмасы бойынша көркем фильм түсірген. Ленин комсомолы сыйлығын (1988), Қазақстан Жазушылар одағының М. Мақатаев атынд. сыйлығын (1989), Қазақстан Жастар одағы сыйлығын (1990), “Турксой” Халықар. поэзия фестивалінің сыйлығын (2002) алған.

Шығ. : Боз ауыз ат, А., 1982; Көгілдір. А., 1987; Біржан сал (пьеса). 1987: Абылайхан (поэма). 1990: Сегіз сері, А.. 1991; Қызыл қала – Қызылжар (пьеса).