«Артық ғылым кітапта» Бәйімбет Құбайдолла, кітапхана оқырманы

Ұстаз, домбырашы, «Елбасы медалі» жобасының тәлімгері Бәйімбет Құбайдолла тікелей эфирде кітап оқуға қатысты ойларымен бөлісті. Бәйімбет Құбайдолла жыл сайын өзіне кітап оқу жоспарын құрады. Биыл 40 кітап оқуға ниеттеніп отыр. Эфир барысында кітапқұмар оқырманымыз өз тәжірибесінің негізінде кітап оқу дағдысын қалыптастыру жолдарын түсіндіріп, кітап оқу адамға не үшін керек, тұлға ретінде дамуға кітаптың тигізер пайдасы жайында ойларымен бөлісті. Егер кітап оқуды қалай бастауды білмесеңіз, эфирді көруге кеңес береміз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #АртықҒылымКітапта