«Арманы үндес еді Ақ Жайықпен»

Биыл өмірі өсу мен өрлеуден, қиындық көріп, азап шегуден тұрған тағдырлы жазушы Хамза Ыхсанұлы Есенжановтың туғанына 115 жыл. Х.Есенжанов 1908 жылы 25 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. «Халық жауы» деген жаламен айдалып, өмірінің он жеті жылын түрмеде өткізеді. Жазушының басты шығармасы — “Ақ Жайық” трилогиясы Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. 1967 жылы жазушы осы әйгілі романы үшін мемлекеттік сыйлықты иеленді. Эфир барысында жазушының өмірі мен қызмет жолы, шығармашылығы туралы айтылады.