Қангожин Мүтәләп Мұхамедұлы

ҚАНҒОЖИН Мүтәләп Мұхамедұлы (17.12.1937, СҚО Есіл ауд., Қарағаш а.) — журналист, ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1985). ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1990). Есіл ауд-ның құрметті азаматы. ҚазМУ-ды бітірген. “Таранкөл” кеңшарында тіркемеші, санақшы және есепші болып істеген. 1958—62 ж. ауд., обл. комсомол к-тінің нұсқаушысы. Николаев кеңшары комсомол комитетінің хатшысы, Ленин ауд. комсомол к-тінің 2-хатшысы, 1963—66 ж. Қарағаш сегіз жылдық мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, 1966 жылдан Петропавл теледидар студиясының редакторы, 1971 жылдан бас редакторы, 1980 ж. Солт. Қаз. обл. телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары, 1993—1998 ж. төрағасы қызметтерін атқарған. “Ақ қайыңдар өлкесінде” (1969), кейін “Қызылжар” (1974). “Көкорай шалғын”, “Полноводное русло”, “Жыр керуен”, “Өмірім менің” (1979) өлеңдер жинағы жарық көрген. КСРО теледидар және радио ісінің үздігі (1980). ҚР Журналистер одағының, респ. және бүкілодақтық телефестивалдер сыйлықтарының лауреаты (1970-85).