ҚАНАПИЯНОВА Раушан Мұсаханқызы (2.6.1947, қазіргі Айыртау ауд. Сырымбет а.) -қызметкер. тарих ғыд. канд. (1989), доцент. 1969-74 ж.жоғары оқу орнын аяқтаған соң мектепте және техникумда сабақ берген. 1974—76 ж. Совет (Аққайың) ауд. комсомол к-тінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі. 1976-83 ж. Целиноград (Астана) қ-ның Ленин ауд. комсомол к-тінің хатшысы. 1985— 87 ж. Қазақстан Компартиясы орт. к-тінде нұсқаушы, 1987-90 ж. Целиноград обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары, 1990-91 ж. КСРО Жоғ. Кеңесінің ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімде консультант болған. 1991—93 ж. Ресей үкіметі жанындағы мемл. қызметкерлер даярлайтын басқармада бөлім меңгерушісі, 1993-2000 ж. консультант болды. 2000 жылдан Ресей мемл. думасының Ұлттар ісі жөніндегі к-тінің аппарат жетекшісі болып қызмет істейді. Қ- «На славных традициях» (1987), “Женшина женщиной будет” (1993), “Женщина на государственной службе” (1996), “Философия гендерного отношешия в структурах административно-управленческой элиты” (1998) атты кітаптардың авторы.
Қ.Мұқанов