Қалитов Талғат Қажкенұлы

ҚАЛИТОВ Талғат Қажкенұлы (12.5.1951. СҚО қазіргі Есіл ауд. Еңбек а.) – ҚР ҰҚК-тінің полковнигі. Қазақ ауыл ш. ин-тын (Қазақ агр. Ун-ті) бітірген (1973). 1973-75 ж. Кеңес Армиясы қатарында болды. 1975-77 ж. Алматы обл. Шамалған ст-ндағы экспедициялық автокөлік өнеркәсібінде автоколонна бастығы. 1977—90 ж. Алғашқы қауіпсіздік ұйымдарында, 1990-97 ж. Торғай обл. ҰҚК департаментінде басшылық қызметтерде болды; 1997—2002 ж. Түркіменстандағы ҚР-ның елшітігінде кеңесші — ҚР ҰҚК-нің арнайы өкілі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан ҚР Парламентіндегі ҚР ҰҚК-нің өкілі. Бірнеше медалдермен марапатталған.

М.Рысқұлов