Қалитов Дулат Қажкенұлы

ҚАЛИТОВ Дулат Қажкенұлы (27.10.1962, СҚО Есіл ауд. Еңбек а.) — инженер-геолог, геол.-минерал. ғыл. канд. (1999). Қазақ политех. ин-тын (1984) бітірген. 1984-86 ж. кафедра инженері; 1986—87 ж. институт комсомол к-тінің хатшысы; 1987 ж. гидрогеология және инж. Геология кафедрасында зертхана меңгерушісі, 1988-93 ж. гидрогеология және барлау техникасы ф-ті деканының орынбасары. 1994-2000 ж. оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, Қ.И.Сатбаев атынд. Қазақ ұлттық техн. ун-тінің оқу басқармасының бастығы; 2000—03 ж. гидрогеология және инж. геология кафедрасының меңгерушісі, 2003 жылдан Қ.И.Сатбаев атынд. Қазақ ұлттық техн. ун-ті жанындағы геол. барлау ин-тының директоры. Қ. 70-тен астам ғыл. және оқу-әдістемелік жұмыстардың, соның ішінде 4 оқу құралы мен сөздіктің авторы. Қазақстан Республикасы біпім беру саласының құрметті қызметкері. Шығ .: Тау-кен, геологиялық атаулардың орысша-қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша-орысша сөздігі. А., 1996; Сумен қамтамасыз ету жөне ирригация. Оқулық. Алматы. 1998; Водоснабжения и ирригация учебник. Алматы, 1999. Анализ стоков рядов рек Сырдарья, Амударья и модели управления уровенным режимом Аральского моря. Алматы, “Эверо”, 2004.