Эпосты қазақшалаған Баянғали Әлімжанов қырғыз жырының ырғақ, баяуын дәл жеткізіп, негізгі оқиға желісін, қуатты рухын, көркемдік ерекшелігін сақтай отырып, арасында қара сөзбен баяндап, төрт есе ықшамдап, бір деммен оқылатын тартымды дүние жасаған.
"Манас", "Семетей", "Сейтек" деп аталатын аталы - балалы батырлар туралы ұланғайыр жыр бір кітапта, бір мұқабаның ішінде тұнғыш рет жарияланып отыр.