Алексеевский Николай Евгеньевич

АЛЕКСЕЕВСКИЙ Николай Евгеньевич (1912. Петропавл қ. — ө.ж.б.. Мәскеу қ.) — ғалым, физ.-матем. ғыл. докт. КСРО ҒА-ның коор.-мүшесі (1960). Ресей ҒА-ның мүшесі (1991). Ленинград политех. ин-тын бітіріп. Харьков физ.-тех. ин-тында жұмыс істеген. А. ғыл. еңбектерінде Сильби зерттеулеріндегі электр тоғы әсерінен металдардың жоғары өткізгіштігінің өзгеру гипотезасын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Оның бұл жаңалығы 1941 ж. қорғаныс өндірісіне қажетті ерекше металл алуға керек болғандықтан А. Мәскеуге алынып, КСРО ҒА-ның Физ. мәселелер ин-тында жана зерттеулер жүргізеді. Осы жұмыстары үшін Н.Д.Папалекси атынд. Сыйлығын, ал жаңадан ашқан жаңалықтары үшін 1967 ж. КСРО Мемл. сыйлығын алған. КСРО-ның ордендері және медалдерімен марапатталған. А-ның “Новые сверхпроводники” атты шығармасы көп жылдар бойы оқу орындарында оқылып келді.

С. Пресняков