Биыл жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл. Тікелей эфирде Алаш ардақтысының өмірі мен қызмет жолына, шығармашылығына шолу жасалды (эфирге сілтеме).
Жүсіпбек Аймауытовтан калған мұра аса бай. Әсіресе, оның проза мен драматургиядағы орны үлкен. Оның ішінде «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі мен көптеген әңгімелер, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел корғаны», «Қанапия-Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалар, өлеңдер мен «Нұр күйі» поэмасы, балаларға арналған ертегі кітапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кітаптар, оқулықтар бар. Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары, негізінен, жазушы өмір сүрген дәуірдің шындығын суреттеуге арналады. Оларда ел тұрмысындагы өзгерістер, адам психологиясындағы жаналық, әлеуметтік теңсіздік пен оған карсы күрес, өнер тақырыбы, уақыт, заман туралы толғаныс, т.б. мәселелер сөз болады.