Айтуғанұлы Киікбай

АЙТУҒАНҰЛЫ Киікбай (1748, қазіргі СҚО Жамбыл ауд. Баянауыл қонысында — 1842, сонда) — белгілі би әрі шешен. Бала кезінде Қожаберген жыраудың медресесінде оқыған. Самарқанд медресесін бітірген А. ауылында медресе ашып, балаларды оқытады. А., әкесі Айтуған, атасы Шама жоңғарға қарсы шайқастарда батырлық көрсеткен. Сондай-ақ А. 1770— 71 ж. қазақ жерін Еділ қалмақ-тарынан азат етуге, 18-ғ-дың аяғында Бат. Сібірдегі патша отаршыларына қарсы күреске қатысқан. Оның көптеген тапқыр сөздері, даулы мәселелерді шешудегі әділ шешімдері мыс.: Сексен батырға. Есеней Естемісов батырларға айтқан сөздері, т.б. халық есінде сақталған.

К. Биғожин