АЙТХОЖИНА Нағима Әбенқызы (22.2.1946. Петропавл қ.) – ғалым. биол. ғыл. докт. (1990). проф. (1994). Қазақстан ҰҒА-ның акад. (2003). Нью-Йорк ғыл. академиясының толық мүшесі (1994). Қазақстандағы молекулярлық және мед. Генетиканың, этно-және палеогеномиканың, биол. мен биотехнологияның негізін қалаушы. Каз-МУ-ді (қазіргі Әл-Фараби атынд. ҚазҰУ) бітірген (1969). КСРО ҒА В. А. Энгельгардт атынд. молекулярлық биология ин-тының аспирантурасында оқыған (1970-73). Кіші. аға, жетекші, ғыл. қызметкер (1974-89), зертхана меңгерушісі (1989 ж. бастап), ҚР ҰҒА М.Ә.Айтхожин атынд. молекулярлық биология және биохимия ин-тының директоры (1988 жылдан). КСРО халық депутаты (1989-91), ҚР ҰҒА президенті (1999-2002). Қазақстанда оның бастамасымен биотехнология бойынша респ. мақсатты ғыл.-тех. Бағдарлама жасалып, қолданылуда, сол сияқты “Мир” ғарыштық ст. мен халықар. ст-ларда ғарышкерлер Т.Әубәкіров пен Т.Мусабаевтың т.б. экспедициялардың ғарыштық биол. мен биотехнология бойынша ғыл. сараптамалар бағдарламасын жасады. Әлемдік маңызды Қазақстандық ашылымдардың қатырылған тамаша үлгілеріне, Шығ. Қазақстан обл. аум-дағы Берел қорғанының археол. қазбаларына тұңғыш рет молекулярлық-генетик. талдау жүргізді. Ол жұмыс осыдан 2500 жыл бұрын қазіргі Қазақстан аум-ғын мекендеген халықтардың этногенездік және этн. тарихын айқындауға мүмкіндік берді. “Парасат” орденімен марапатғалған, ғылымға қосқан үлесі үшін “Тарлан” сыйлығын. “EURI-СА-93” Халықар. көрмесінін (Брюссель) күміс медалін алған, бірнеше халықар. қоғамдардың мүшесі.
Шығ.: Selective inhibition of the polypeptide chain elongation in eucaryotic cells. Biochimica et Biophysica Acta. 1992. V.1129. N°2; Molecular cloning and characterization of Triticum timopheevii relic DNA sequences. Molecular Biology. 1998. №4; Қазақстандағы ғарыштық биология мен биотехнология. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулерге 10 жыл. Алматы, 2002: Polymorphism of promoter region of the angiotensinogen and the gene for angiotensin I-cjnverting enxyme.Genetica. 2003. V. 39. №2 и др. Әдеб.: Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы: энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 1996.
Қ.Мұқанов