АЙТХОЖИН Сабыр (29.3.1895. бұрынғы Ақмола губ. Көкшетау уезі – 19.2.1938. Шымкент қ.) — тұңғыш қазақ журналистерінің бірі. 1919 ж. Уфа қ-ндағы “Ғалия” медресесін бітірген соң. Көкшстау, Омбы. Орынбор қ-ларындағы халыққа білім беру бөлімдерінде нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1920 ж. Мәскеуде өткен бүкілресейлік ұлттық азшылықтар съезінің жұмысына қатысты. Омбыла “Кедей сөзі” газетінде редактор: 1921-22 ж. РКП(б) Ақмола уездік к-тінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. 1922—25 ж. Петропавлда губ. “Бостандық туы” газетінін ред. алқасын басқарады. 1925 жылғы қаңтарда Орынбор қаласында өткен Кеңсестердің IV Бүкілқырғыздық съезіне делегат болды. 1925 жылдан Алматыда тұрып, еңбек етті. Өлкелік к-ттін тапсыруымен губ. “Тілші” (“Жетісу”) газетінің жауапты рсдакторы болып жұмыс істеді. “Қосшы” одағының торағасы қызметін қоса атқарды. БКП(б) Жетісу губкомының бюро мүшелігіне сайланды, өлкелік IV партия конференциясының делегаты. 1927 ж. А. ҚазАКСР Кеңестері IV съезінің делегаты, Қаз ОАК мүшелігіне канд. Болып сайланды. 1931 ж. Қаз АКСР Халком Кеңесінде жауапты хатшы, одан кейін іс басқарушысы қызметінде болды. 1935 ж. Қаз АКСР-дің 15 жылдығына арналған ҚазОАК мерекелік сессиясының делегаты. 1936 ж. А.Мирзоян қ-да (қазір Тараз қ.) аудандық оқу бөлімінің менгерушісі болып жүріп. 1937 ж. қазанда тұтқындалды. 1938 ж. 19 ақпанда атылды. 1957 ж. ақталды.
Е. Айтқожин