Аяғанов Төке

АЯҒАНОВ Төке (22.4.1926, қазіргі Есіл ауд. Бірлік а. — 2003, Петропавл қ.) — қоғам қайраткері, агроном. Ауыл ш. техникумын (1951), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1962) бітірген. 1951-53 ж. ұжымшар басшыларын даярлау және қайта даярлау мектебінің оқытушысы, 1953—58 ж. Баян МТС-нда, Жамбыл кеңшарында бас агроном, 1958— 65 ж. Булаев, қазіргі М.Жұмабаев ауд. партия к-тінің 1-хат-шысы. 1965—72 ж. Преснов ауд. ауыл ш. басқармасының бастығы. Преснов ауд. атқару к-тінің торағасы, 1972—86 ж. Солт. Қазақстан обл. ауыл ш. өнімдерін сатып алу және бақылау жөніндегі мемл. инспекциясының төрағасы қызметтерін атқарған. А. 4 мәрте “Құрмет Белгісі” орденімен және медалдермен марапатталған.

Г. Қадірәлі