АЙҒАНЫМ Сарғалдаққызы (1783, қазіргі Солт. Қаз. обл. Сырымбет өңірі — 19.11.1853, сонда) – Уәли ханның кіші әйелі, Шокан Уәлихановтың әжесі. Солт. Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірге ықпал етті. А. өз кезеңінің алдыңғы қатарлы адамы болған, шығыстың бірнеше тілдерін білген. Петербургтегі Солт. комитетімен. Ресей сыртқы істер миннің Азия департаментімен хат жазысып. Омбыдағы. Тобыл мен Петропавлдағы шенеуіктермен тығыз байланыс орнатқан. А. Шоқан үшін нағыз даналықтың үлгісі еді. Әжесі оған халықтың ежелгі аңыздарын, әңгімелерін айтып, өткен тарихи оқиғаларды еске түсірген. Уәли ханның өлімінен кейін (1821) барлық мұра оның ұлдары арасында бөлінді. “Ханның қызыл ағашы” ордасы – үлкен ұлы Ғұбайдолланың әулетіне өтті, Сырымбет — кіші әйелі А. балатарына тиесілі болды. Уәли қайтыс болғанда Шоқанның әкесі – Шынғыс небәрі 10 жаста болатын. Дәстүр бойынша әкенің барлық мұрасы Ғұбайдоллаға өтуге тиіс еді. Бірак ол кейбір саяси жағдайларға байланысты мұраны иелене алмады. Үзақ жылдар қудалауда жүріп, қаза тапты. Сондықтан халықты басқару тізгінін Уәлидің жесірі А. алып. 30 ж. уақыт бойы үлкен окр. билеушісі болды. Жергілікті тұрғындар оны аса қадірледі. Мұрағат материатдары куә болғандай, оның саяси-қоғамдық мүдде тұрғысынан аясы кең болды, Орт. және Солт. Қазақстандағы бірде-бір маңызды оқиға оның қатысуынсыз өтпеді. А. дала төсіндегі әртурлі әлеум. топтар мен рулар, қазақтар мен орыстар арасында татулық қатынас орнауына күш салды. Ол Қазақстанда геодезиялық және этногр. зерттеулер жүргізген ғалымдар мен инженерлерге көмектесті. П.П. Семенов-Тянь-Шанский: “Айғаным, … Уәли ханның жесірі өзінің балаларымен бірге Ресейге адал күйінде қалды… I Александр жесір әйелді ерекше құрмет -теііді… және оған Сырымбетте Шоқан Уәлиханов тұрған үйді салуға жарлық етті” — деп жазды. А. ауылында мектеп болды. онда балалар тек діни ғана емес, зайырлыларға тән білім алды, сондай-ақ мешіт, қонақтарға арналған үй, диірмен, монша, ш.. құрылыстар, ат кермелері, т.б. болды. А. 1828 ж. Бат. Сібірді тексеру үшін келген Сенат өкілдері В.К.Безродный және Б.А.Куракинмен Қызылжарда (Петропавлда) кездесіп, хатықтың татап-тілегі жазылған хатты тапсырды. Өзінің ұлы Шыңғысты Омбы әскери училищесіне оқуға жіберді. 12 жасар Шоқан өзінің анасы Зейнептің қарсылығына қарамай, ол да Омбыға оқуға аттанды. А. болашақ ғалым ретінде Шоқанның дүниетанымының қалыптасуына зор ықпал етті. С.Муқанов “Аққан жұлдыз” романында Айғанымның парасатты да тартымды бейнесін сомдаған.
Ж.Қасымбаев, С.Пресняков