Ахметжаеов Абай Қапанұлы

АХМЕТЖАНОВ Абай Қапанұлы (15.10.1949 ж., Жамбыл ауд. Баян с.) – Сәулетші-ғалым, философ. ғыл. докт., Сәулетшілер одағынын мүшесі. 1973 ж. Қазақ мемл. политехникалық ин-тын бітірген. Целиноград инженерлік-құрылыс ин-тының “Архитектура” кафедрасында еңбек еткен. Ин-та студенттер-дің жобалау-конструкторлық бюросының бастығы болған. 1997 ж. Еуропа ун-теті сәулетші мамандығы бойынша докторлық дәрежесін атды. 1998 ж. Табиғат және қоғам жөніндегі Халықаралық ғыл. акад-ның толық мүшелігіне сайланды (Мәскеу бөлімшесі), Табиғаг және қоғам жөніндегі Халықаралық ғыл. акад-нын “Ғылым мен өнер серісі” (диплом № 301, 30.09.2002 ж.) атағына ие болды, орденмен марапатталды. 2005 ж. Табиғат тану ғыл. Европа Акад. құрметті докторы (диплом № 012, 19.05.2005 ж) атағын алды. 2005 ж Ганновер қ. Табиғат тану ғыл. Европа Акад. толық мүшесі. осы Акад. “Золотой Коронованный Орел” орденімен марапатталған (2005 ж.). 2005 ж. Қазақстан Конституциясының “10 жылдығы мерекелік” медалімен марапатталды. Қазір Алматы обл. Талғар ауд. бас сәулетші, Қ.Р құрметті сәулетшісі атағын алған (2006 ж.).