Ахметбеков Маркен Ахметбекұлы

АХМЕТБЕКОВ Маркен Ахметбекұлы (5.2.1940, қазіргі Шал ақын ауд. Қаратал а. — 6.10.1993) — еңбек озаты, өндіріс ұйымдастырушысы. 1962 ж. Алматы малдәрігерлік ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық ун-ті) және КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1983) бітірген. 1962 жылдан Солт. Қазақстан мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер, Сергеев (қазіргі Шат ақын) ауд-ның кеңшарларында зоотехник, бас зоотехник, Сергеев ауд. а.ш. басқармасы бастығының орынбасары, “Ступинский” кеңшарының директоры, Солт. Қазақстан Бескөл (қазіргі Қызылжар ауд.) ауд. атқару к-тінің төрағасы; 1974—81 ж. Солт. Қазақстан обл. Жамбьи ауд. партия к-тінің 1-хатшысы; 1983—85 ж. обл. ат-қару к-ті ауыл ш. және тамақ өнеркәсібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1985—89 ж. Сергеев ауд. партия к-тінің 1-хатшысы; 1989—91 ж. обл. партия к-тінің 2-хатшысы; 1991—93 ж. обл. агроөнеркәсіп к-ті торағасының орынбасары. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.

Г. Қадірәлі