Ахмедсафин Уфа Меңдібайұлы

АХМЕДСАФИН Уфа Меңдібайұлы (15.7.1912. қазіргі Аққайың ауд. 2-а. — 21.10.1984, Алматы қ.) — ғалым. Қазақстанда гидрогеология мектебінің негізін қалаушылардың бірі. геология- минералогия ғыл. докторы (1947). проф. (1949), Қазақстан ҒА-ның акад. (1961). Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1961). Соц. Еңбек Ері (1969). Қазақ КСР Мемл. сыйл. иегері (1980). Орта Азия индустриялық ин-тын бітірген (1935). 1940—64 ж. Қазақстан ҒА Геология ғыл. ин-тында аға ғыл. қызметкер, сектор және бөлім меңгерушісі. сонымен қатар 1948—1951 ж. Қазақ тау-кен металлургия ин-тында кафедра меңгерушісі; 1965—84 ж. Қазақстан ҒА-ның Гидрогеология және гидрофизика ин-тының директоры қызметтерін атқарған. Оның ғыл. еңбектері Қазақстан мен Орта Азия шөлді аймақтарының гидрогеологиясын зерттете арналған. А. жерасты су көздерін, олардың пайда болу, қалыптасу, тарату зандылықтарын ашты. Сондай-ақ жерасты суларын картаға түсіру, гидрогеол. картатарды жасаудың жаңа тәсілдерін қарастырып, падрогеологиялық болжамдаудың негізін қалады. А. ұсынған басты теор. және әдістемелік қағидалар тұнғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеол. болжам карталарын жасауға мүмкіндік берді. бұрын сусыз деп саналып келген шөл-шөлейт аймақтарда көптеген тұщы сулы артезиан және грунт суларының атаптарын ашуға негіз болды. Ол жер астындағы тұзды және аз тұзды сулардың табиғи және пайдаланылатын, жылма-жыл толықтырылатын қорын анықтап, оны өнеркәсіпке ауыл ш-нда, елді мекендерде, мал жайылымдарында, шөлейт жерлерді суғаруға тиімді пайдаланудың жолдарын негіздеді. Қаз. КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1955—59) болды. Ленин. Халықтар достығы. “Құрмет белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған. ҚР ҰҒА Гидрогеология және гидрофизика ин-тына А. есімі берітген. Шығ.: Метолика составления карт прогнозов и обзор артезианских бассейнов Казахстана. А-А., 1961; Формирование и гидродинамика артезианских вод Южного Казахстана. А.-А., 1973 (соавт.); Прогнозная карта решональной водообеспеченности Казахстана ресурсами подземных вод, А.-А., 1981 (соавт.); Формирования подземных вод Казахстана, А.-А., 1985.