Ахмадин Әлімжан Ахмадиұлы

АХМАДИН Әлімжан Ахмадиұлы (1937, қазіргі Шал ақын ауд. Көктерек а.) — милиция ген.-майоры. Алматы милиция орта мектебін, Мәскеудегі КСРО ІІМ-нің жоғ. мектебін (1965), КСРО ІІМ-нің академиясын (1978) бітірген. Қарағанды обл. Саранск қ-лық милиция бөлімінде жедел өкілетті қызметкер болып жұмыс істеген. 1965 жылдан милиция бөлімінің бастығы, ауд. милиция бөлімінің бастығы, Қарағанды обл. ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары. Қарағанды қалалық ІІБ-ның бастығы және Шымкент (Оңт. Қазақстан) обл. ішкі істер басқармасының бастығы, Қазақстан ІІМ-нің басқарма бастығы, Жезқазған обл. ІІБ-ның бастығы. IIМ мектебінің кафедра бастығының орынбасары. уч-ще бастығы. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

И. Зубарев