Ахетов Қойшыбай

АХЕТОВ Қойшыбай (5.1.1909, қазіргі Уәлиханов аул. Қойтас а. – 20.8.1999. Көкшетау қ.) -облыстың ең алғашқы кәсіпқой журналистерінің бірі. Алматыдағы Комвуз-ды (1932) бітірген соң жолдамамен Ақмола қ-на жіберіліп, онда обл. газеттің жауапты хатшысы болып жұмыс істеген. 1940 ж. “Социалистік Қазақстан” газетінің Солт. Қазақстан обл. бойынша меншікті тілшісі болған. 1941 ж. Петропавл қ-нан армия қатарына алынып. Қиыр Шығысқа аттанады, 1944 ж. ұлттық қадрлар үшін қалдырылған арнайы жұмыс орындары арқылы босатылып, Көкшетау ауд. газетіне редакторлық жұмысқа жіберілген. Кейіннен “Казахстанская правда” газетінің Көкшетау обл. бойынша меншікті тілшісі жұмысына ауысады. 1952—69 ж. Көкшетау обл. партия к-тінде жауапты қызметтерде болды.