Қадырәлі Ғалым Қадырәліұлы

ҚАДЫРӘЛІ Ғалым Қадырәліұлы (1.01.1936. Шал ақын ауд. Ыбыраев а.) — өлкетанушы. Қарағанды пед. ин-тын бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қ-ндағы №32 орта мектепте физикажәне математика пәндерінің мұғалімі болып бастады, кейіннен оқу ісінің меңгерушісі болды. 1964—72 ж. Петропавл қ-ндағы обл. №2 Қазақ мектеп-интернатында оқу ісінің меңгерушісі, 1977—86 ж. осы мектептің директоры. 1972—77 ж. және 1986—96 ж. Халыққа білім беру ісінің обл. бөлімінде нұсқаушы, жетекші және бас маман қызметтерін атқарған. Обл. интернат мекемелеріне жетекшілік етті. 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін обл. мұражай бірлестігінің “Асыл мұра” (“Золотое наследие”) орталығын басқарып келеді. Ертеректе Қазақ мектеп-интернатының және акад. Е.А. Бокетовтін мұражайларын ұйымластырған. С.Мұқановқа, Ғ.Мүсіреповке, М.Жұмабаевқа. Б.Ізтөлинге, Қожаберген жырауға, Сегіз серіге, Е.Бөкетовке арналған жинақтарды шығаруға қатысқан. Респ. және обл. “Северный Казахстан” газетінің беттерінде жүздеген мақаласы басылып шықты. “Ойна да күл, жеткіншек” (1993), “Математиканың даму заңдылықтары ” ( 1995), “Аңсаған менің ауылым” (2001), “Қасиетті ақ орда” (2003), “Тарлан ақын” (2004, Арыс), “Жылқара Байтөкин” (2004, Арыс) кітаптарының авторы. Қазақ КСР және КСРО Халыққа білім беру ісінің үздігі. “Ерен еңбегі үшін” медалімен, Қазақ КСР Білім Мин-нің грамотасымен марапатталған.