2024 жылдың 23 қаңтары күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Адам саудасы-қатерлі қылмыс» тақырыбында ақпараттық сағат өтті (тікелей эфирге сілтеме).
Тікелей эфирде СҚО Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Ерболат Серғалиев «Адам саудасы-қатерлі қылмыс» тақырыбында баяндама жасады.
Ол, өз сөзінде адам саудасы — аса ауыр қылмыс екеніне тоқталды. Адамды құлдыққа жегу, еркінен тыс мәжбүрлеп ұстау, жұмыс істету, зат ретінде сату, жөзекшелік, яғни тән саудасы арқылы ақша табу Қазақстанда және де облысымызда да кең тарағаны туралы баяндады. Адам саудасына қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы, сонымен қатар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігін баса айтты.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Информация #Чтение #Книги