«Абылай хан – қазақ халқының мақтанышы»

2021 жылдың 8 қазаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына арналған «Абылай хан – қазақ халқының мақтанышы» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараны С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Майра Әшімова жүргізді.
Шараға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері, Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушылары, мұғалімдер, «Абылай хан резиденциясының» қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Адғашқы болып сөз алған академик, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, абылайтанушы Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы Абылай ханның өмірі мен қызметіне байланысты құжаттармен таныстырды. Келесі сөз сөйлеген осы университеттің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Бимақанова Зылыйқа Шахметқызы «Абылай және оның заманы» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Қазақтың елі мен жерін қорғауда, елдігінің тұғырын нығайтуда айрықша рөл атқарған Абылай ханның тарихи тұлғасы мен тағылымды жолы туралы әңгімеледі.

«Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінің қызметкері Жұмабекова Гүлнар Жиеншеқызы осы музей-кешен туралы, ондағы атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Ардагер ұстаз, кітапхана оқырманы Нұрышова Бәтия Құрманқызы Абылай ханның ерлігі, істері жас ұрпаққа үлгі,- деді. Жастар атынан М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 3 курс студенті Мұқият Дана сөз сөйледі.
Шараға қатысқандар «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #АбылайХанҚазақХалқыныңМақтанышы