Ғаббасов Мәжикен Ғаббасұлы

ҒАББАСОВ Мәжикен Ғаббасұлы (1.5.1921, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Жекекөл а.) — партия және қоғам қайраткері. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1939 ж. 9 сыныпты, мұғалімдер даярлайтын курсты бітіріп, Шал ақын ауд. Ленин атынд. орта мектепте математика және физика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1949 ж. Петропавл пед. ин-тын, Семей пед. ин-тын және Есіл ауыл ш. техникумын (1954) бітірген. 1941 — 45 ж. майданда Мәскеу, Сталинград үшін болған ұрыстарға қатысып, Оңтүстік майдан-да. 4-, және 2-Украин майдандарында болған. Соғыстан капитан шенінде оралды. 1945— 49 ж. обл. партия к-тінде нұсқа-ушы, 1949—53 ж. Петропавл қ-ндағы №5 орта мектептің директоры, Есіл ауд. Явленка орта мектебінің директоры, 1955—57 ж. Аққайың ауд. партия к-тінің хатшысы, Приишим ауд. партия к-тінің хатшысы. 1962— 67 ж. Приишим және Преснов ауд. атқару к-тінің төрағасы, 1967—84 ж. облыстың жергілікті өндірістік басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. Зейнеткерлік демалысқа шыққан соң 1984—90 ж. обл. жобалау және коммуналдық қызмет басқармасында. 1991—2001 ж. Ардагерлер кеңесі төрағасынің орынбасары болды. 20 жыл бойы обл. Кеңестің депутаты болып сайланды. Соңғы жылдары “Өмір жолы”, “Ауылым менің Жекекөл” кітаптарын жазды, обл. және республикалық газеттер мен журналдарда 2-дүниежүз. соғыстағы басынан өткен оқиғалар жайлы мақалалар мен очерктер жариялады. Қызыл Ту, “Қызыл Жұлдыз”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, еңбек майданында Еңбек Қызыл Ту, “Парасат”, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, сонымен қатар 15 медаль және құрмет грамоталарымен марапатталған.