Даланың кемеңгер ұлы Абай Құнанбаевтың мұрасы — халықтың сарқылмас қазынасы. Абай-ақын, ағартушы, ойшыл, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор. Оның өлеңдері, әндері, «Қара сөздері» қазақтардың өмір салты, оның болмысы, дүниетанымы, мінезі, жаны, менталитеті туралы терең философиялық ойлардан тұрады. Петропавл қ. №8 орта мектебінің оқытушылары мен оқушылары С. Мұқанов атындағы ОӘҒК дайындаған «Абайдың поэзиялық әлемі» ролигінде осы туралы, ақынның шығармашылығы туралы ойларымен бөлісіп, Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасынан сүйікті өлеңдерін оқиды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы