Абайдың өмірі мен творчествосы=Жизнь и творчество Абая

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың сирек кездесетін 30-шы, 40-шы, 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдар аралығында шыққан кітаптар топтамасының ішінде ұлы ақынымыз Абайдың шығармаларымен қатар, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы еңбектерді де табуға болады.

1954 жылы Алматыда шыққан кітапқа Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған мақалалар жиналған. Жинаққа қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар ақынның шығармашылық шеберлігін, оның қоғамдық, саяси, психологиялық және педагогикалық көзқарасын айқындайтын, оның музыкалық мұрасын талқылайтын мақалалар кірген. Кітапқа енген мақалалар авторларының арасында М. Әуезов пен Ғ. Мүсірепов бар.

Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ,

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ… .                                       

Абай