Абай Кунанбаев «Лирика и поэмы»

2020 жылы қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады.

Осыған орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада 2019 жылдың қараша айында «Абай орталығы» ашылды. Рухани орталықта кітапхана қорында бар 300-ден астам Абайдың шығармалары, ұлы ақынымыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы еңбектердің ішінен іріктеп алынған ең негізгі материалдар шоғырланған.

Кітапхана ұжымы Абайдың мол мұрасын қалың жұртшылыққа кеңінен таныстыру, насихаттау мақсатында ақпараттық жобаны қолға алуды жөн көрді.

Абай орталығының ерекше атап өтетін бөлімі, ол — кітапхананың алтын қорынан алынған сирек кездесетін 30-шы, 40-шы, 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдар аралығында шыққан Абайдың кітаптар топтамасы.

Бүгін біз осы топтамадан алынған  келесі кітапты оқырман назарына ұсынғымыз келеді.

Абай Кунанбаев «Лирика и поэмы»

Кітап 1940 жылы Мәскеуде «Художественная литература» баспасынан танымал орыс кеңес жазушысы Леонид Соболевтің редакциясымен, оның «Поэт – мыслитель» деп аталған редакция атынан жазылған сөзімен дайындалып басылып шыққан.

Кітапқа орыс тіліне орыс ақындары: Д. Бродский, В. Рождественский, А. Глоба және де т.б. аударған ақынның 100 жуық өлеңдері, 3 поэмасы, афоризмдері кірген.

Мұхтар Әуезовтің көлемді алғы сөзінен оқырман Абайдың өмірі, оның өмір сүрген заманы, қоршаған ортасы, Абайдың қазақ қоғамына, әлемге көзқарасы мен шығармашылығы жайлы кең және ауқымды мәлімет алады.

 Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көруге…

                        Абай

«Драгоценный результат многолетних дум, волнений и благородных душевных порывов поэта, наследие это теперь, на всем фоне истории казахской литературы, представляется огромным синтезом духовной культуры казахского народа всех предшествовавших Абаю веков».

Мухтар Ауэзов.