Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы=АБАЙ АВАІ «Өлең – сөздің патшасы…» и Abai Ibrahim Kounanbaiev Paroles Edifiantes

Природа Абая, голос Абая, дыхание Абая – это дыхание времени, голос самого народа. Сегодня голос поэта сливается с нашими голосами, крепнет и набирает новую мощь.

М. Ауэзов

 2020 жыл Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана үшін құнды сыйлық алумен басталды. Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Елшілігі біздің кітапханаға 2 кітап: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы=АБАЙ АВАІ «Өлең – сөздің патшасы…» жинағы (қазақ және француз тілдерінде) және Abai Ibrahim Kounanbaiev Paroles Edifiantes (француз тілінде). Бұл кітаптар облыстық кітапхананың қорын едәуір байытты, олар біздің оқырмандардың сұранысына ие болады деп сенеміз.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Абай

 Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы=АБАЙ АВАІ  «Өлең – сөздің патшасы…»

Абайдың таңдамалы өлеңдері кірген жинақ 1995 жылы Алматы қ. «Евразия» баспасынан Халықаралық Абай қорының тапсырысы бойынша шықты. Бұл жинаққа ақынның белгілі өлеңдері олардың тұңғыш рет француз тіліне жасалған әдеби аудармаларымен бірге енгізіліп отыр.

Кітап жазушы Төлен Әбдіков пен Кристиан Висантидің ұлы ақынға, оның шығармашылығына арнап жазған алғысөздерімен ашылады.

Abai Ibrahim Kounanbaiev Paroles Edifiantes

Кітап 2000 жылы Алматы қ. «Білім» баспасында шыққан. Бұл кітапқа ұлы қазақ ақыны, ойшылы Абайдың «Қара сөздері» француз тілінде енгізілген.