Абай (Ибраһим) Құнанбаев «Шығармаларының толық жинағы»

Кітап 1948 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының дайындауымен Алматы қаласындағы Қазақтың біріккен мемлекет баспасынан шыққан. Толық академиялық жыйнақ Абайдың 100 жыл толу мерекесіне арналып шығарылған. Жинақ 3 бөлімнен тұрады: «Өлеңдер», «Поэмалар», «Ғақылия Қара сөздер».

Сәбит Мұқанов кітапқа жазған алғы сөзінде Абайдың шығармашылығына терең талдау жасайды.

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.                               

Абай